Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркия ШЫҰ-на кіру мәселесін талқылауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Еуроодаққа кірумен шектеліп қалмайды. Анкара сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрамына кіруге де ұмтылып отыр, деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған. Оның сөзін Sabah басылымы келтірді.

Түркия ШЫҰ-на кіру мәселесін талқылауда

«Brexit тарап кетуі мүмкін деген сөздер Франция, Италия тарапынан да естіліп қалады. Мұндай жағдайда Түркия өзін еркін сезінуі керек. Неге біз ШЫҰ-ның мүшесі бола алмаймыз»,-деді Ердоған Өзбекстаннан қайтып келе жатып, ұшақта журналистерге берген сұхбатында.

Түркия көп жылдардан бері Еуропалық Одаққа мүше болу бағытында келіссөздер жүргізуде. 2016 жылдың көктемінде Еуроодақ басшылары Түркия Еуропаға мигранттардың ағылуына тоқтау салатын болса, түріктердің одаққа мүше болуы бағытындағы келіссөздерді қайта жандандыратынына келісім берген.

Алайда, қараша айының басында Еурокомиссия өкілдері өздерінің баяндамаларында Түркияда адам құқықтары мен сөз бостандығы және заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты үлкен проблемалардың бар екендігін айтқан.

Бұған жауап ретінде Анкара тарапы Еуроодақпен диалогты жалғастыру мәселесін референдумға қоюлары мүмкін екендігін мәлімдеді.