Түркия-Сирия шекарасында жарылыс болды, 20 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия-Сирия шекарасындағы "Баб-эс-Салам" бақылау-өткізу бекеті аумағында жарылыс, болып, салдарынан 20 адам қаза тапты.
None
None

Бұл туралы Reuters агенттігі оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жарылыс Түркиямен шекарадан екі шақырым жерде Сирия жерінде орын алған. Ажал құшқандардың басым бөлігі - сириялық оппозиция топтарының мүшелері, деп атап өтті Reuters.

Түркия өз шекарасында «қауіпсіз аймақ» құру мақсатында  24 тамызда "Евфрат қалқаны" шарасын бастады және Сирияға бронетанкілік құрылымдар мен арнайы жасақты кіргізді. Қазіргі таңда түркиялық әскер мен «Сириялық азат армия» оппозициялық құрылымы шекаралас  Аазаз және Джараблус қалалары арасындағы 90 шақырымдық жолақты бақылап отыр.  

Соңғы жаңалықтар