Түркия сириялық босқындарға 600 миллионнан астам доллар жұмсапты

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Түркия сириялық босқындарға 600 миллионнан астам доллар жұмсапты. Бұл жайында Түркияның Қаржы министрі Мехмет Симсек хабарлады.
None
None

«Бұл қаражаттың 610,5 млн. түрік лирі (344 млн доллар) үкімет бюджетінен бөлінді», - деп жазыпты министр Твиттерде. Ал қалған қаражат жергілікті биліктің қазынасынан бөлінген.

muslim.kz сайтының жазуынша, Сириядағы қаңтардың аязындай қағынып тұрған қарулы қақтығыстан жаппай бас сауғалап, үркінге ұшырап, үдере көшкен елдің қарасы мол. БҰҰ мәліметіне қарағанда, осы елден қашқан босқындардың саны 705 мың адамға жеткен. Қазіргі уақытта Ливанды 220 мыңнан аса сириялық босқын паналаса, Иорданияда - 216 мың, Түркияда - 163 мың, ал Иракта - 77 мың мың босқын жүр. Бұл есепке кірмеген өзгелері Мысыр мен Солтүстік Африканың бірқатар елдерін паналаған.

2011 жылдың наурыз айында тұтанған жанжал оты билік пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығысқа ұласып, бірнеше мыңдаған адамның өмірін қиды. Сириялық биліктің мәлімдеуінше, елдегі үкіметке қарсы күштер сырттан қолдау көріп отыр.

Соңғы жаңалықтар