Түркия Сириямен арадағы шекараға биіктігі 3,5 метрлік бетон қабырға тұрғызбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак және Шам ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының содырлары мен шекарадан заңсыз өтетін келімсектердің жолын кесу үшін Түрік үкіметі көрші Сириямен шекараға биіктігі 3,5 метр болатын бетон қабырға тұрғызбақ.

Түркия Сириямен арадағы шекараға биіктігі 3,5 метрлік бетон қабырға тұрғызбақ

Осы мақсатта Түркияның Ішкі істер министрлігі «қауіпсіздік белдеуі» жобасын қабылдап, Сирияға іргелес жатқан Хатай, Газиантеп, Килис пен Шанлыурфа қаласына 20 млн лира қаржы бөлді, деп хабарлайды түріктің haberler.com ақпараттық сайты.

Түркия мен Сирия шекарасының ұзындығы 911 шақырымды құрайды. Жоба аясында шекара шебінде қабырға қаланып, оның айналасы тікен сыммен қоршалады. Оған қоса тәуліктік бақылау жүргізетін бейнекамералар да орнатылатын болды, деп жазады 24.kz.