Түркия соты көлік қаққан қазақстандыққа қолдау білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Түркияның Анталия қаласында жаяу жүргіншілер жолында автокөлік қағып кеткен 21 жастағы Теміртау қаласының тұрғынының емдеу шығындарын түрік жүргізушісі өтейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгін Антальяда отандасымыз Меруерт Дуганованың ісі бойынша сот отырысы өтті. Оған Қазақстанның консулы қатысты. Отырыс қорытындысында  сот біріншіден, жаяу жүргінші жолында Қазақстан азаматын қағып кеткен жүргізушіні ешқайда кетпеу тілхаты негізінде қамаудан босату, екіншіден, оның сақтандыру компаниясын Меруерттің белгілі бір деңгейге дейін емделу шығындарын өтеуге міндеттеу туралы қаулы етті», - деді Жайнақов.

Айта кетейік, бұған дейін Анталияда жаяу жүргіншілер жолында автокөлік қағып кеткен 21 жастағы қазақстандықтың есін жиғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар