Түркия Суруч қаласындағы жарылыстан кейін Сириямен шекарада қабырға тұрғызады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 32 адамның өмірін қиған Суруч қаласындағы жарылыстан кейін Түркия билігі Сириямен шекарада модульды қабырға тұрғызады, деп хабарлады Рейтер агенттігі Түркия үкіметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні Сириямен шекара маңындағы Суруч қаласында жарылыс болып, 32 адам қаза тапты. 100-ден астамы жарақат алды.
Шекара бойына ұзындығы 150 шақырымды құрайтын модульді қабырға тұрғызылады. Оны оңай жинауға болады. Сонымен бірге кей жерлерде сым қоршаулары күшейтіледі.
Сондай-ақ, қашықтығы 118 километр учаскені жарықтандырып, шекара маңындағы жолдар жөнделеді. Шенеуніктің айтуынша, бұған шамамен 86 миллион доллар жұмсалуы мүмкін.