Түркия тұрғындары интернетке күніне 7 сағат уақытын жұмсайды
АСТАНА. KAZINFORM — Түркия тұрғындары интернетке күніне орта есеппен 7 сағат 13 минут уақыт жұмсайды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу ел азаматтарының цифрлық әдеттеріне қатысты қызықты деректермен бөлісті. «Digital 2025 Türkiye» есебіне сәйкес соңғы жылдары түрік халқының интернет белсенділігі айтарлықтай артқан.
Есептегі ең маңызды көрсеткіштердің бірі – пайдаланушылардың 96,9%-ы интернетке мобильді құрылғылар арқылы кіреді. Бұл смартфондардың Түркияда желіге кірудің негізгі құралына айналғанын растайды. Орташа алғанда, ел тұрғындары күніне 7 сағат 13 минутты интернетте өткізеді. Бұл көрсеткіш азаматтардың компьютерлер мен планшеттерді пайдалануға жұмсайтын уақытынан, яғни күніне 3 сағат 9 минуттан – бірнеше есе жоғары.
Тағы бір айта кететін жайт, мобильді құрылғылар Түркиядағы интернет-трафиктің 73,1%-ын қамтамасыз етеді. Бұл смартфондардың интернет белсенділігінің негізгі көзі ретіндегі маңыздылығын айғақтайды.
Бұдан бөлек, министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта Түркияда 80,7 миллион адамда, яғни халықтың 92,1%-ында мобильді телефон бар, ал 77,3 миллионы интернетті белсенді қолданады.
Бұл көрсеткіштер цифрлық технологиялардың күнделікті өмірге қалай әсер ететінін және мобильді интернеттің байланыс пен ақпарат алудың негізгі құралы ретінде қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, Түркияда смартфондар Қазақстаннан қарағанда екі есе қымбат сатылады. Биыл 1 қаңтардан бастап шетелден әкелінген телефондардың IMEI тіркеу құны 46 мың түрік лирасына (шамамен 645 мың теңге) дейін өсті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, түркиялықтар үйлену тойының шығынын үнемдеуге көшті.