Түркия үкіметі ел парламентіне Армениямен қарым-қатынас туралы хаттамаларды жөнелтті

АСТАНА. Қазанның  22-сі. ҚазАқпарат -  Түркия    үкіметі ел  парламенті -Межлиске -    қазанның  10-да Цюрихте қол қойылған Армениямен  қарым-қатынасты   реттеу  туралы  хаттамаларды     жөнелтті, 

Түркия үкіметі  ел парламентіне    Армениямен  қарым-қатынас  туралы  хаттамаларды   жөнелтті

деп   хабарлайды  ВВС телекомпаниясы.  Енді Межлис    депутаттары      аталмыш     құжаттарды    қарап  шығып,   бекітуі  немесе кері  қайтаруы   керек.

Қазанның 10-да Цюрихте  Түркия мен  Арменияның    сыртқы  істер министрліктері  екі елдің арасындағы   шекараны ашуды  және    өзара қарым-қатынасты     қалыпқа келтіруді  қарастырған   құжаттарға қол қойған  болатын.  Енді  хаттамаларды екі елдің  парламенттері бекітулері керек.