Түркия жағалауында Әзербайжан, Украина азаматтары мінген кеме суға кетті

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда, Қара теңіз жағалауында, Самсун қаласының маңында Панама мемлекетінің туымен кетіп бара жатқан көмір тасымалдаушы кеме суға батып кетті, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Түркия жағалауында Әзербайжан, Украина азаматтары мінген кеме суға кетті

Кемеде 13 адам болған. Олардың 9-ы Укрина, екеуі Әзербайжан, тағы екеуі Ресей азаматтары. 6 адам қайтыс болып, 7 адам құтқарылып жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Алайда Ресейдің Түркиядағы елшілігі кемеде ол елдің азаматтары болмағандығын жария етті. ТАСС агентігінің жазуынша, кемеде 11 Украина және 2 Әзербайжан азаматы ғана болған.

Құтқару жұмыстарына қайық пен тікұшақ жұмылдырылды.