Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия жағалауларында Эгей теңізіне Грекия жағалауларына жетуге тырысқан мигрантардың қайығы аударылып, суға кетті. Кемінде 18 адам мерт болды.
Түрік жағалаулық күзет қызметкерлері 14 мигрантты судан құтқарған, олардың арасына Сирия, Ирак және Пәкістан елдерінен шыққандар бар.
Қайғылы оқиға жұмадан сенбіге қараған түнде болды, қайық гректің Калимнос аралына бет түзеген болатын, деп хабарлады Би-би-си .
Биылғы жылы Грекияға 600 мыңға жуық мигранттар келді, олардың басым көпшілігі мұнда Түркиядан қайықпен жеткен.
Ел билігі дағдарыстарға қарсы шараларға қазірдің өзінде миллиард еуропаға жуық қаржы жұмсаған.
Бүкіләлемдік банктің болжауынша, биылғы жылдың соңында мигранттар саны 250 миллион адамнан асып түседі.