Түркия жіберілген снарядқа жауап ретінде Сирияны оқ астына алды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазанның 3-інен 4-іне қараған түні Түркия Сирияға қарсы артиллериялық оқ жаудыра бастады, деп хабарлады Reuters Түркия премьер-министрі Режеп Эрдоғанның ресми өкілдеріне сілтеме жасап.
None
None

Үкіметтің мәлімдемесінде «түрік артиллериясы ұрысты жүргізу ережелеріне сәйкес түрік радарлары белгілеген нысандар бойынша оқ ашты».

Түрік шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, бұл түріктің шекара маңындағы Акчакала қаласында болған оқиғаға жауап ретінде жасалуда. Сирияның аумағынан жіберілген снарядтың тұрғын-үйге құлау салдарынан 6 адам (оның ішінде бір бала) көз жұмды, 10-ы жарақаттанды.

Қазіргі уақытта куә болғандардың сөзіне қарағанда, сирияның шекарасына танктер, ракеталық батареялар мен артиллерияның қосымша күштері тартылуда.

Түрік-сирия шекарасында болып жатқан оқиғаға қатысты НАТО-ның кеңесі де өтті. Солтүстікатлантикалық альянс Сирияның іс-әрекетін сынға алып, оның басшысын «халықаралық құқық нормаларын белден басуды тоқтатуға» шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның премьер-министрі Р.Эрдоған Сирия президенті Башар Асадтың режіміне қарсы бірнеше мәрте сөз сөйлеген болатын.

Жуырда сириялық Алеппо қаласының орталығында болған жарылыстың салдарынан 48 адам ажал құшып, 70-і жарақаттар алды.

Соңғы жаңалықтар