Түркияда 1800 жылдық мозаика қорғауға алынды
Түркияның ежелгі Перре қаласында жердегі ерекше мозаиканы қалпына келтіру жұмыстары басталды. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы тілшілерге Адыяман қалалық мұражайының директоры Мехмет Алкан айтты.
Көне жәдігердің жасы – 1800 жыл.
Мехмет Алканның айтуынша, мозаика біздің заманымыздың 3-ші ғасырына жатады.
Перре – Коммагене патшалығындағы көне қала.
Қаланың қалдығы Түркияның оңтүстік-шығысындағы қазіргі Адыяман провинциясында орналасқан.