Түркияда 200-ге тарта адам мінген теплоход батып кетті
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - 200-ге тарта адам мінген теплоход дүйсенбі, 25 шілдеде түріктің Измир қаласының Эгей теңізі жағалауында батып кетті, деп хабарлайды Аргументы.ру.
Оқиғадан жолаушылар қатты үрейленді, бірақ соқтығысу және көшіру кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Кеме капитанының сөзіне қарағанда, теплоходтың теңіз фонарымен соқтығысуына рөлдік басқарудағы ақау себеп болған.