Түркияда 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун енгізіледі

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркия билігі 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында ел аумағында толық локдаун енгізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл жайында дүйсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинетінің отырысынан кейін мәлімдеді. Жиынның трансляциясы NTV телеарнасынан көрсетілді.

«29 сәуір 19.00 бастап 17 мамыр таңғы 05.00 дейін ел аумағында толық локдаун күшіне енеді. Бүкіл кеңселер, жұмыс орындары (Ішкі істер министрлігі тарапынан келісілген мекемелерден басқасы) түгел жабылады. Қалааралық тасымал тек арнайы рұқсатпен ғана жүзеге асырылады. Қоғамдық көлік тек 50 пайыз толғанда ғана жүреді» деді Режеп Тайып Ердоған.

Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сенсек, 16 сәуір күні Түркияда коронавирус жұқтырғандар санының күнделікті өсімі пандемия басталғаннан бергі максимумды көрсеткен - 63 082 жағдай.

21 сәуір күнгі өлім-жітім санында да тәуліктік жоғары көрсеткіш тіркелді - бір күнде 362 науқас қайтыс болған.



Соңғы жаңалықтар