Түркияда 3 күндік қаралы күн жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу 86 адамның өмірін қиған Анкарадағы терактіден соң елде үш күндік қаралы күн жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Түркияда 3 күндік қаралы күн жарияланды

"Бұл Түркияға, Түркияның демократиясына жасалған шабуыл. Қайғылы оқиғаға байланысты үш күндік қаралы күн жариялаймыз", - деді ол ел астанасында өткен баспасөз мәслихатында.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша лаңкестіктен 86 адам қаза тапқан , 200-ден астам адам жараланған. Түркиядағы террористік топтардың ешқайсысы теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Еске салайық, бүгін Анкарада «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде 2 жарылыс орын алған болатын. Шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған еді. ҚР СІМ Түркияның Анкара қаласында орын алған жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда.