Түркияда 47 жыл ауруханада жатқан пациент көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Бурса қаласындағы ауруханада бұл мекемеде 47 жыл жатқан пациент қайтыс болды. Бұл туралы түріктің Hurriyet басылымы хабарлады.
None
None

Абдолла Козан ауруханаға бірінші рет 23 жасында түскен. Басының ауырғанына шағымданып келген одан кейін демікпе мен сусамыр аурулары анықталған. Содан бері, 1968 жылдан бастап Козан-бей ауруханада жатыр - емдеу мерзімі аяқталған сайын, аурухана әкімшілігі оны ұзарта берген. Сондай-ақ дәрігерлер пациенттің емхана қабырғасында соншалықты ұзақ уақыт өткізуінің тағы бір себебін атап отыр. Ол Козанның кедейлігі, ол тіпті Түркияда ең аз қамтылған азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақысының «жасыл картасына» да ие болмаған. Абдолла Козан 70 жасында дүние салды.

Соңғы жаңалықтар