Түркияда Абайдың 170 жылдығына орай «Темрин» журналының арнайы басылымы жарық көрді

ҚР-дың Түркиядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, журналдың 2016 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша жарық көрген арнайы басылымы ақынның шығармашылығы мен өмірбаянына толығымен арналды. Оған ақынның түрік тіліне аударылған таңдаулы өлеңдері мен қара сөздері, сонымен қатар түрік және қазақ заманауи мен өткен ғасыр ірілерінің комментерийлері енген.
Ұлы қазақ классигінің шығармашылығына қатысты өз пікірлерін «Қазақ тарихы» журналының редакторы Әбділдабек Салықбай, жазушылар Жанабак Шағатай, Талаптан Ахметжан, Серік Нағимов, Өмірхан Әбдіманұлы, Бақытжан Майтанов, сонымен қатар қазақ әдебиетінің зерттеушісі, түрік жазышысы Өмер Кучукмехметоғлу білдірді.
Комментерийлердің ішінде өткен заман ірілері Міржақып Дулатовтың және Жүсіпбек Аймауытовтың тақырыптық мақалалары келтірілген.
Абайдың классикалық шығармаларын қамтыған журналдың түрік тіліндегі арнайы басылымы елдің мәдени имиджін бауырлас Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми-академиялық топтарының арасында көтеруде маңызды үлес қоспақ.