07:19, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Түркияда әлемдегі ең ұзын аспалы көпірдің іргетасы қаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда әлемдегі ең ұзын «Чанаккале 1915» көпірінің іргетасы қаланды.

Бұл туралы En son haber хабарлайды. Лапсеки провинциясында салтанатты түрде өткен шараға елдің Премьер-министрі Бинали Йылдырым қатысты. Кейін тікелей телекөпірге шыққан ел Президенті Режеп Тайып Ердоған сөз алды. Аталған көпірді Түркия мен Жапонияның құрылыс фирмалары салады. Іргесі қаланған «Чанаккале 1915» көпірі Түркия Республикасының 100 жылдығы тойланатын 2023 жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ әлемдегі ең ұзын аспалы көпір атанып, Жапонияны басып озады. Жаңа көпірдің жалпы ұзындығы 4023 метр болуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Айта кетейік, қазір әлемдегі ең ұзын аспалы көпір Жапонияда «Акаши-Кайкё» көпірі екені белгілі. Оның жалпы ұзындығы - 3911 метр.