Түркияда алғаш рет «Қымыз Fest» фестивалі өтті

None
АНКАРА.ҚазАқпарат – Түркия астанасы Анкара қаласында алғаш рет қазақтың ұлттық сусыны қымызға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Фестивальді Түркиядағы ҚР елшілігінің қолдауымен ТЮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы мен Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара Kazak obası деп аталатын аймақта өтті. Сөзбе-сөз аударғанда ол қазақ көшпелілерінің аялдайтын немесе түнейтін орны дегенді білдіреді.

Шағын қазақ ауылы жайылым жерлерге орналасты. Ол жерге киіз үй тігіліп, қазанға арналған ошақтар қойылды.


Түркиядағы мереке бие сауып, дәстүрлі сусынды дайындаумен есте қалды. Ұйымдастырушылар адамдарға қымыздың пайдасын түсіндіріп, аттарды жайлауға жаю құпияларымен бөлісті. Ал кілем тоқудың ұлттық техникасы бауырлас түрік халқында ерекше қызығушылық тудырды.

Қазақ сусыны фестиваліне көп адам келді. Қонақтардың қатарында жергілікті тұрғындар, саясаткерлер мен Түркия өнер қайраткерлері болды. Түркия жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер достарына ұлттық тағамдар, салт-дәстүр туралы айтып жатты.


Қымыз мерекесінде қонақтарға дәстүрлі қазақ тағамдары, оның ішінде ет пен палау ұсынылды. Әр киіз үйде дастархан жайылып, сыйлы қонаққа «бас тартылды».

Ауа райының құбылып тұрғанына және жауын-шашынға қарамастан фестиваль келушілерге жақсы көңіл-күй, күш-қуат пен позитив сыйлады. Бәрі қымыз ішіп, палау жеп, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуіндегі заманауи қазақ әндеріне билеп, жақсы көңіл-күймен қайтты.







Соңғы жаңалықтар
telegram