Түркияда алып қарбыз өсірілді - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Анталья провинциясының Манавгат ауданында жергілікті шаруа Лютфю Ай салмағы 58 килограмм болатын алып қарбыз өсірді, деп жазады Анадолы агенттігі.
Айдың сөзіне қарағанда, биылғы жылы ол ешқандай химикаттарды пайдаланбай қарбыздың ерекше түрін өсіріп шығаруды ойлаған. Сондай-ақ оның бақшасында 54 және 48 келі болатын қарбыздар да бар екен. Бұл қарбыздар 3 айдың ішінде өсіп шыққан екен. Қазіргі кезде бұл қарбыз Түркиядағы ең алып қарбыздардың бірі болып таныоып отыр. Бұған дейінгі «рекордтық қарбыздың» салмағы 50 килограмм болыпты.