Түркияда әр турист шамамен $680 жұмсайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Түркияның туризмнен түсетін кірістерінің 22,5 проценті осы елдің шет мемлекеттерде тұратын азаматтарының есебінен түскен, деп жазады «Анадолу» Түркияның Жерорта теңізі өңірінің отельерлер қауымдастығына сілтемемен.

Түркияда әр турист шамамен $680 жұмсайды

Өткен жылы Түркияға 38,62 миллион адам барған. Оның 32,79 миллионы - шетелдіктер. 6,55 миллион - басқа мемлекеттерде тұратын түріктер.

2017 жылы бұл елдің туризмнен түскен табысы 26,28 миллиард доллардан асып түскен.

Әр турист орта есеппен Түркияда 681 доллар жұмсайды екен.