05:30, 18 Қаңтар 2018 | GMT +6
Түркияда әскери-тасымалдаушы ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испарта провинциясындағы Эгирдир көлінің солтүстігінен ұшақтың бөлшектері мен оның экипаж мүшелерінің денелері табылды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
«Оқу-жаттығуға шыққан CN-235 CASA ұшағы Эскишехир провинциясындағы аэродромнан жергілікті уақыт бойынша сағат 11-03-те ұшып шыққан. Ұшақ экипажы 3 адамнан тұратын»,-деп хабарлады Түркияның Әуе Күштері Бас штабынан.
Сағат 14-30-да ұшақтың бөлшектері мен әскери азаматтардың денелері Испарта провинциясындағы Эгирдир көлі маңынан табылды.
Бас штаб Түркияның Қарулы Күштеріне, түрік халқына, мерт болған әскерилердің отбасына көңіл айтты.