Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті кезінде қаза тапқандар саны 265-ке жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті кезінде қаза тапқандар саны 265-ке жетті. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның әкімшілігі хабарлады, деп жазады Би-би-си.
Оқиға кезінде 104 бүлікші өлтірілген, қалған құрбандардың бәрі - бейбіт тұрғындар. Оның 20-сы бүлікшілер жағында болған. Жараланғандар саны 1500-дей.
Бүліктен кейін 2389 адам тұтқындалды. Сондай-ақ, әр түрлі дәрежедегі 2745 судья жұмыстан босатылды. Олардың қатарында елдің Жоғарғы сотының судьясы Альпарслан Альтан да бар.