Түркияда әуе шарлары фестивалі өтеді

НЕВШЕХИР. ҚазАқпарат - Түркиядағы туризм орталықтарының бірі саналатын Каппадокияда осы жазда алғаш рет халықаралық әуе шарлары фестивалі өтеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі Ургуп қаласы муниципалитеті әкімшілігіне сілтеме жасап.

Түркияда әуе шарлары фестивалі өтеді

Бұл іс-шара Pasha Balloons компаниясының қолдауымен 3-7 шілде аралығында болады.

Фестиваль аясында Каппадокия аспанына 150-ден астам әуе шары көтеріледі.

Айта кетсек, фестиваль бағдарламасы Грузия халық ансамблінің өнер көрсетуімен басталғалы отыр.

Сондай-ақ Түркия аспанында АҚШ, Испания, Польша, Швейцария, Индонезия, Ұлыбритания, Словакия, Франция, Нидерланд, Жапония және Мексика командалары өздерінің кәсіби біліктілігін паш етеді.