Түркияда әуе шары құлады, бір адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы әлемге танымал «Каппадокия» туристік орталығында әуе шары апатқа ұшырады. 
None
None

Оқыс оқиғада ауыр жарақат алған даниялық азамат ауруханада көз жұмды. Алдын ала келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, ұшқыштың жүрек талмасы ұстап, ол аэростаттың тізгініне ие бола алмай қалған.

«Каппадокия» туристік орталығына жыл сайын дүниенің төрт бұрышынан үш миллионға жуық шетелдік азамат келеді. Жиһанкездерді бұл өңірдің сан ғасырлық тарихы бар жерасты үйлерімен бірге Каппадокия көгін әуе шарымен шарлап өту ерекше тамсандырады. Алайда күніне 100-ден астам аэростат ұшырылатын көрікті орында әуе шарларының апатқа ұшырау оқиғалары да жиі тіркеледі.

 

Дереккөз: «Хабар 24» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар