Түркияда автобус апатынан 3 адам қаза тапты, 20-сы жараланған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда автобустың жол-көлік апатына ұшырауы салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып,  тағы 20 адам жарақаттанды. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің Habertürk телеарнасы хабарлады.

Түркияда автобус апатынан 3 адам қаза тапты, 20-сы жараланған

Кыршехирдан Анкараға жол тартқан автобустың жыраға түсіп, аударылып кеткені атап өтіледі.

Жол апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.