Түркияда автобус аударылды: 5 адам қаза тауып, ондағаны жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Анкара - Ақсарай автомагистралінде жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Haberturk телеарнасына сілтеме жасап.

Түркияда автобус аударылды: 5 адам қаза тауып, ондағаны жарақаттанды

Ыстанбұлдан шыққан автобус Адыяман қаласына бара жатқан. Ақсарайдан 15 шақырым жерде жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылған. Апат салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тауып, қырықтан астамы зардап шекті.

Оқиға орнына шұғыл медициналық жәрдемнің көптеген бригадалары аттандырылды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер мен полиция дереу жеткен.  Жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді.

Апаттың нақты себептері туралы әзірге егжей-тегжейлі ақпарат жоқ. Тергеу амалдары жүріп жатыр.