Түркияда автобус аударылып, 11 адам жапа шекті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның орталығындағы Сивас провинциясында автобус аударылып, 11 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Оның мәліметінше, жол оқиғасы Сивас пен Малатья қалаларын байланыстыратын тасжолда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста 39 адам болған, оның 11-і жарақат алған және жедел ауруханаға жеткізілген.
Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз.