Түркияда автобустың аударылуы салдарынан 20 адам қаза тапты

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркияның Кайсери провинциясында бейсенбі күні рейстік автобустың аударылып, жол жиегіндегі жыраға құлауы салдарынан 20 жолаушы қаза тапты, тағы 28 адам жапа шекті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Түркияда автобустың аударылуы салдарынан 20 адам қаза тапты

Жергілікті телеарналардың мәліметтері бойынша, жол-көлік оқиғасы Пынарбаши-Гюрюн халықаралық тас жолында орын алған. Зардап шегушілердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, апат орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Автобус ішінде Түркия азаматтары болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында апат зардаптарын жою жұмыстары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасы себептерінің ішінде жолдың нашарлығы, жүргізушінің бейқамдығы тәрізді факторлар аталып отыр.