Түркияда Б.Обамаға жасалмақ болған қастандықтың алды алынды
АНКАРА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - АҚШ өкіметі, Түркияға сапары кезінде АҚШ Президенті Барак Обамаға қастандық жасауды жоспарлаған адамды түркия полициясының тұтқындағанын мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Қастандық дайындады деп күдік келтірілген адамды полиция сәуірдің 3-інде тұтқындаған, ал Б.Обама Түркияға сәуірдің 5-інде барды. Америка барлау қызметтерінің түрік өкіметімен тығыз ынтымақтаса жұмыс істеп отырғаны хабарланды. Оқиғаның мән-жайы туралы әзірге ешнәрсе айтылмауда. Айта кету керек, Б.Обаманың сапарының алдында Анкарада наразылық шаралары өткен болатын. Анкарада Обаманың қауіпсіздігін 4 мыңнан астам полицей қамтамасыз етті.