Түркияда белгісіз біреу сот ғимаратында оқ жаудырып, полиция офицерін өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде Түркияның солтүстік-батысындағы сот ғимаратында белгісіз біреу оқ атып, полиция офицерін өлтірген.

Түркияда белгісіз біреу сот ғимаратында оқ жаудырып, полиция офицерін өлтірді

Бұл туралы Hurriet газеті хабарлады.

Сондай-ақ қаскүнем адвокатты жаралап, бір адамды кепілге алған. Келеңсіз жағдай Бурса провинциясындағы Гемлик қаласында болды. Қылмыскердің кім екендігі әзірге белгісіз.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі келді.