Түркияда бір ер адам өзінің ұлдарымен бірге алты адамды жайратып салды
АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Бір ер адам өзінің екі ұлымен бірге Түркияның шығысында бей-берекет оқ жаудырды, оынң салдарынан алты адам опат болды, жетеуі жарақат алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің айтуынша, оқиға Караали ауылында орын алған. Атыстың себебі белгісіз, алайда полицейлер оқ жаудырғандарды психикалық ауытқуы бар деп топшылайды.
Жарақат алған үш адам ауыр халде қалып отыр.