Түркияда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 135 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл штабына сілтеме жасап.

Түркияда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
«Мұнда жалпы 27 069 адам вирус жұқтырған. Соңғы тәулікте 73 адам вирустың кесірінен денсаулығы нашарлап, қайтыс болды. Жалпы көз жұмғандар саны — 574 адам. Соңғы кезеңде 256 адам емделіп шықты. Сауығып шыққандардың жалпы саны — 1 042» делінген хабарламада. Еске сала кетейік, осыдан екі апта бұрын Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуық болатын.