Түркияда бір тәулікте екі жер рет сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ван провинциясында 30 сәуірде кешқұрым күші 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Алдын ала деректер бойынша зардап шеккендер және қирандылар орын алған жоқ, деп хабарлады Trend.
Бұдан бұрынырақ, 30 сәуірде Түркияның оңтүстік-батысындағы Измир провинциясында да күші 4,9 балл болатын зілзіла орын алған болатын. Жер асты дүмпуінің ошағы 8 шақырым тереңдікте. Оқыс оқиға жергілікті халықты дүрліктірді. Құрбандар мен құлаған ғимараттар туралы хабарланбай отыр.