Түркияда болған жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты, ондаған адам қиранды астында

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Түркияның шығысындағы Ван провинциясында болған жаңа жер сілкінісінен кем дегенде 3 адам көз жұмды.
None
None

Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып РБК агенттігінің хабарлағанындай, Ван провинциясындағы Эдремит қаласында болған 5,7 балдық зілзалада кем дегенде 18 ғимарат құлаған, оның екеуі - қонақ үй. Құтқарушылар 11 адамды құлаған ғимараттардан алып шықты, алайда, алдын ала болжам бойынша, кем дегенде 50 адам әлі үйінді астында.

Соңғы жаңалықтар