09:25, 31 Мамыр 2016 | GMT +5
Түркияда бомба жарылысынан 4 адам қаза тауып, 19-ы жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Силопи қаласында жарылыс болды. Салдарынан 4 адам ажал құшып, тағы 19-ы түрлі дәрежеде дене жарақатын алған, деп хабарлады 24.kz.

Жараланғандардың 5-еуі - тәртіп сақшылары. Қолдан жасалған жарылғыш зат полицейлердің көлігі өтіп бара жатқанда іске қосылыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол кәріз люгінің ішіне қойылған. Әзірге ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ. Дегенмен жергілікті билік бұл «Күрдістан жұмысшы партиясының» ісі болуы мүмкін деп топшылап отыр.