Түркияда бортына бір тонна алтын тиелген түркімен ұшағын ұстады

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Ыстамбұл қаласының халықаралық әуежайында 22 ақпан күні түркімендік «Түркіменховаеллары» («Түрікмен әуе желілері») әуе компаниясының ұшағын бір тоннадан астам құймалардағы алтынды Ашғабадқа шығару әрекетін жасамақшы болған кезде ұстады, деп жазады Росбалт.

Түркияда бортына бір тонна алтын тиелген түркімен ұшағын ұстады

Түркиялық Askam газетіне сілтеме жасаған «Гундакордың» хабарлауынша, жүктің иесі Түркіменстанда құрылыс жобаларымен бұрыннан айналысатын түріктің Polimeks құрылыс компаниясы болып табылады. Құжаттар бойынша ұшақтың жүгі сантехника болды. Түрік БАҚ-тары кеденшілер анықтаған тіркелмеген алтынның жалпы салмағы 1,3 тоннаны құрағанын нақтылады.

Компания бұл оқиғадан кейін жүктің заңды түрде тасымалданғаны жайлы баспасөз хабарламасын таратты. Ол сондай-ақ ұшақтағы алтынның салмағы БАҚ-та жарияланған мәліметтерден аз болғанын айтады (Polimeks-тің нұсқасы бойынша - тек 190 келі). Компанияның сендіруінше, ол алтынды құрылыс материалдарын «халықаралық эмбарго салдарынан банк аударылымын жасау мүмкін емес елдерде қолданып» сатып алмақшы болды.