Түркияда денесі табылған адамның кім екені белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды, деп хабарлайда ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Ресми өкілдің хабарлауынша, 8 ақпан күні кешкісін Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында Түркия азаматы табылды. Ол аман. Оны алдымен Құбылай Кескин екен деп ойлаған, алайда Кескиннің туыстары оны растамады.

Бүгін 9-ақпан күні таңғы 9-да іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, оның барысында екі адамның денесі табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші дене Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі мәйіттердің Отанына жеткізілуіне барынша қолдау көрсетеді. Біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Мірболат Құрмашевты іздестіру үстінде»,-деді Айбек Смадияров.

Осыған дейін Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылғанын жаздық.

Сондай-ақ Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярованың аман-есен табылғанын хабарладық.

Қазақстан құтқарушылары Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Ресми дерек бойынша, Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 14 мыңнан асты, тағы 63 мың 794 адам жараланған.


Соңғы жаңалықтар
telegram