Түркияда екі автобус соқтығысып, 30 адам жарақат алды

АНКАРА. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-батысында туристік автобустың жол апатына ұшырауы салдарынан кем дегенде 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Demiroren ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда екі автобус соқтығысып, 30 адам жарақат алды

Агенттікі мәліметінше, Мугла – Денизли күре жолында жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07:30-да мектеп және туристік автобустар соқтығысты. Агенттік ақпаратынша, туристік автобустың ішінде Ресей және Украинаның 41 азаматы болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, жол-көлік апаты салдарынан көлік құралдарының бірінің жүргізушісі қаза тапты. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.