02:11, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Түркияда екі сарбазды ұрлап әкетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түріктің Диярбекир провинциясында қарулы адамдар тобы екі сарбазды ұрлап әкетті, деп хабарлады «Zhikhan» түрік ақпарат агенттігі.
Оқиға жақын жердегі ауылда жандармерия құрылысын салуға қарсы адамдар тобының кесірінен жолдың ортасына тоқтаған автобус жолаушыларының құжаттарын екі сержант тексеріп жатқан кезде болды.
Сарбаздарды ұрлап әкетіп, қарулы адамдар із жасырды.
Түркияның қауіпсіздік органдары құтқару операциясын бастады.