Түркияда енді кейбір шетелдіктер арнайы рұқсат алмай-ақ жұмыс істей алады

АНКАРА. ҚазАқпарат – Шетелдік спортшылар, фермерлер мен зерттеушілер Түркияда белгілі бір уақыт аралығында рұқсат алмай-ақ жұмыс істей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі елдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Түркияда енді кейбір шетелдіктер арнайы рұқсат алмай-ақ жұмыс істей алады

Түркияда жұмыс істейтін шетелдіктерді заңнамалық жеңілдікке бағытталған Жұмыспен қамту туралы қаулы күшіне енді.

Маусымдық ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында жұмыс істейтін шетелдік азаматтар алты айға дейін босатылады, ал басқа елдердің спортшылары еңбек шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өз жұмыстарын атқарады.

Зерттеу немесе білімі мен тәжірибесін арттыру үшін университеттерде, мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда оқитын шетелдік тұлғалардың оқу мерзімі шектеулі болады. Көбінесе ол екі жылға дейін созылады.

Студенттік алмасу бағдарламалары бойынша тағылымдамадан өтуді жоспарлап отырған адамдар Түркияда төрт ай жұмыс істей алады. Бұл кезең ғылыми, мәдени және шығармашылық салаларда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар үшін бір аймен шектеледі.

Түркия-Еуропалық Одақ қаржылық ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға қатысуға жіберілген шетелдіктер де өз қызметін елде жүзеге асыру кезінде осы ережені пайдалана алады.




Фото: righthome.com.tr