Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияда футбол төрешілері қызметінен кетіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия футбол федерациясы елдегі соңғы оқиғаларға байланысты футбол төрешілері мен олардың көмекшілерін жұмысынан босатты, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Түркияда футбол төрешілері қызметінен кетіп жатыр

«Федерация аймақтық төрешілер комитеті, сондай-ақ аймақтық, ұлттық бақылаушылардан тұратын 94 адамды жұмыстан босатты», - делінген хабарламада.
Бұған дейін, осыдан екі апта бұрын елде әскери төңкеріс бола жаздаған оқиғаға қатысты Футбол федерациясы кеңесі толығымен отставкаға кеткен.