Түркияда ғалымдар бірден 11 ежелгі кереметті тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияда әлемдегі ежелгі ғибадатхана кешендерінің бірі Гебекли-Тепеның маңайынан археологтар адамдардың қолымен жасалған тағы 11 ірі төбені тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Sabah газетіне сілтеме жасап.

Түркияда ғалымдар бірден 11 ежелгі кереметті тапты

Басылымның ақпараты бойынша, шамамен 12 мың жыл бұрын тұрғызылған төбелер үйінділермен қоршалған, олардың ара қашықтығы 100 шақырым.

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой журналистерге берген сұхбатында ғалымдардың бұл ауданды «Он екі төбе» және «Түркияның оңтүстік-шығысындағы пирамидалар» деп атағанын айтып өтті.

Гебекли-Тепе 2011 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірген, алғаш рет 1963 жылы Ыстанбұл және Чикаго археологтары тапқан.

Кейінірек, 1995 жылы ғалымдар бұл жерлерде биіктігі 3-6 метр, салмағы 40-60 тонна неолит дәуірінің Т-тәрізді обелисктерін, сонымен қатар 12 мың жылдық адам мүсіндері сынды түрлі артефактілер тапқан.