Түркияда Гүленнің жиендері ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Түркия билігі ислам уағызшысы, түрік оппозиционері Фетхуллах Гүленнің екі жиенін ұстады. Жергілікті билік Гүленді әскери төңкеріс ұйымдастырды деп айыптауда.

Түркияда Гүленнің жиендері ұсталды

Hürriyet газетінің хабарлауынша, Хусейн Гүлен мен Бушра Гүлен Измирде ФЕТО қызметіне қатысы бар және барлық деректі шифрлайтын Bylock бағдарламасын пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Түрік барлаушыларының айтуынша, 16 шілдеге қараған түні әскери төңкеріс кезінде бүлікшілердің көпшілігі дәл осы бағдарламаны пайдаланған, деп жазды РБК-Украина.

Бұған дейін Түркия билігі Гүленнің жиені Эмине мен үш жиені тележурналист және адвокат Кемаль Гүлен, Абдуллах Коруджук және Мухаммет Саит Гүленді ұстады. Еске сала кетейік, түрік полициясы оппозициялық түрік уағызшысы Ф.Гүленнің інісін де тұтқындады.