18:31, 19 Шілде 2015 | GMT +5
                                        Түркияда Халықаралық балет фестивалі өтіп жатыр
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы  Бодрум қаласында он үшінші Халықаралық балет фестивалі  басталды.
                                        
                                        
                                     
                                              Түркияның мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастырған фестиваль 1 тамызға дейін жалғасады. Шара мыңдаған биші мен көрермендерді тарихи қамал Бодрумда жияды.
Түркияның оңтүстік батысында Эгей теңізінің жағалауында орналасқан Бодрум - туристер көп баратын курортты қалалардың бірі.
Мұнда Халықаралық балет фестивалі 2003 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.