Түркияда химия пәнінен өткен олимпиадада Қазақстан оқушылары төрт медалға ие болды
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Түркияның Анкара қаласында химия пәнінен өткен халықаралық олимпиадада Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы.
Химия пәнінен халықаралық олимпада 2011 жылдың 9 шілдесі мен 18 шілдесі аралығында өткен. ҚР командасының құрамында Тараз қаласындағы қазақ-түрік лицейдің 11-сынып оқушысы Абылай Шахизадаев, Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Мирас Бекбергенов, Алматы қаласындағы №134 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Владислав Қамысбаев, Петропавл қаласындағы «ЛОРД» дарынды балаларға арналған лицейдің 10-сынып оқушысы Владимир Должников бар.