Түркияда иесіз үйдегі тоңазытқыш аппараты ішінен төрт баланың денесі табылған

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Түркияда иесіз үйдегі тоңазытқыш аппараты ішінен төрт баланың денесі табылды, деп хабарлайды РБК.

Түркияда иесіз үйдегі тоңазытқыш аппараты ішінен төрт баланың денесі табылған

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, оқиға Конья қаласында болған. Құқық қорғау органы, ойнап жүрген балалар тоңазытқыш ішіне кірген кезде оның есігі жабылып қалған, деп есептейді.

Полиция қызметкерлері 4-11 жас аралығындағы төрт ойын баласын әлдекімдер қасақана өлтірді деген болжамнан бас тартып отыр.

Дегенмен, оқиғаны тергеу шаралары басталды.