Түркияда интернеттегі шектеуге қарсы наразылық шеруі өтуде
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркиялық полиция Ыстамбұлдағы және Анкарадағы шерушілерді тарату үшін су атқыштарды, көзді жасаурататын газды және резина оқтарды пайдаланды.
Бұл наразылық шеруі ел билігінің интернетке шектеулер енгізу жоспарына байланысты туындады.
Түркиялық құқық қорғаушылардың пайымынша, өткен аптада парламенттің қабылдаған шектеулері интернетті үкімет тарапынан қадағалау шараларын күшейтуге алып келеді.
Өз кезегінде билік жағы балалар порнографиясын қамтып тұрған сайттарды, сондай-ақ жалпы порносайттарға қолжетімділікті шектеуге талпынып отырғандықтарын алға тартуда.