Түркияда ислам каллиграфиясы бойынша аса ауқымды көрме өтеді

«Каллиграфия сұлтаны» деп аталатын экспозицияны Түркияның Дін істері жөніндегі министрлігі ұйымдастырады. Бұл жайында World Bulletin хабар таратты.
muslim.kz сайтының жазуынша, бұл шара Ыстамбұл шаһарында Айя-София мешітінде, ал Анкара қаласында Congresium мәжіліс залында өтеді.
Аталмыш шара үшін Османлы сұлтаны Махмұд екіншінің, Селим үшіншінің, Мұрат үшіншінің жұмыстарымен қатар бертінгі Осман қағанатының каллиграф шеберлері Хафиз Османның, Йезаризад Мұстафа Изеттің, Сами Эфендінің және осы заманғы каллиграфтардың еңбектері іріктеліп алынды.
300 туынды Каллиграфия мұражайынан, Сүлеймен кітапханасынан, Ыстамбұл қалалық мұражайынан, сондай-ақ, Топқалы сарайынан алынды.
Бұл шара Түркиядағы ислам каллиграфиясын алға сүйреген асқан шеберлердің ең үздік туындыларын тамашалауға мүмкіндік беретін аса ауқымды жоба болып табылады.