Түркияда қанша қазақстандық турист жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Түркия Республикасында жүрген туристерге қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияда қанша қазақстандық турист жүр

«Осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Туризм комитетіне Түркияға жолдама сатып алған қазақстандық туристер тарапынан жолдаманың күшін жою немесе қайта брондау туралы өтініш түскен жоқ. Туристік жолдамадан бас тартқысы келетін азаматтар туроператорларға жүгіне алады, олар ілеспе комиссияларды ескеріп, қызмет шарттарында көрсетілген шығындарды шегеріп, қайта есеп айырысуы керек», - деп жауап берді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Сонымен қатар, туристік операторлар демалыс күндерін, бағытын, баратын елді ауыстыру және т.б. баламалы опцияларды ұсына алады.

Бүгінгі таңда Түркияның демалыс орындарында 254 қазақстандық турист демалып жүр.